0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ОТБАСЫ – ШАҒЫН ОТАНЫМ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Шымкент қалалық «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде «Отбасы – шағын Отаным» байқауы өтті.

Байқауға түрлі этнос өкілдерінен құралған отбасылар қатысып, қазақтың ұлттық салт-санасы, отбасылық құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі мәселелері бойынша ұтқыр да ұтымды ойларын жеткізді, көрермендерге шығармашылық қарым-қабілеттерін көрсетті. Отбасылық сайыстың ең басты мақсаты — отбасы мүшелерін сайысқа қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата — аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.  Сондай-ақ, отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма және сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен бесінші рет өткізіліп отыр.

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбаевтың айтуынша, отбасының мәртебесін биіктету, қарттарды құрметтеуге бағытталған сайысқа әр аудан өз үміткерлерін ұсынған.

Өнегелі отбасы болу, ата-ананың перзент алдындағы міндеті, перзенттердің ата-ана алдындағы жауапкершілігі, қазақстандық қоғамдық отбасы институтының орны мен рөлі, отбасылық тәлім-тәрбие жөнінде қатысышулар өзіндік ойларын білдіріп, үздік тәжірибелерімен бөлісті.
Қазылар алқасының ұйғарымымен:
Пак Тимур отбасы — І-дәрежелі дипломмен;
Турдиев Нижат отбасы — ІІ-дәрежелі дипломмен;
Дробязко Юлия отбасы – ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталып, үздіктер қатарынан көрінді.
Барлық қатысушыларға «Қазақтану» жобасын іске асыруға қосқан үлестері мен азаматтық белсенділіктері үшін Алғыс хаттар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

ХАБАРЛАНДЫРУ!

smarttop

Түркістан облысының полицейлері діни қызметке қатысты заңды бұзғаны үшін жергілікті тұрғынды жауапқа тартты

smarttop

ҚАЛА КӨРКІ -ТАЗАЛЫҚТА

smarttop

Пікір қалдыру