16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгінде Отбасы банкпен жеке құрылыс компаниялары арасында ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісім шарт жасасқан. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын немесе 50 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады. Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, өз сөзінде бұл формат қала тұрғындары үшінде өте ыңғайлы екендігін атап өтті.

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне 1000-нан астам адам қатысты. Келушілерге жылжымайтын мүлік нарығының ұсыныстары таныстырылып, жәрмеңкеге алғаш келген 30 азаматқа банктің сыйлықтары табысталды. Қала тұрғындары құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай отырып, жеңілдікке ие болу қарастырылған.Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамасы бойынша мемлекеттік органдардың шешімімен енген өзгерістер мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпарат жүйелерін өзара ықпалдастыру аясында жүзеге асады.

Енді жылжымайтын мүліктің мекенжайы өзгерген жағдайда, тіркелген құқықтар мен жылжымайтын мүлік нысанының техникалық сипаттамалары туралы анықтамада мекенжайдың тарихи деректері қоса көрсетіледі.

Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банкпен 3 мыңнан аса азаматқа ипотекалық заем мақұлданған. Бұл күн сайын 11 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлайтындығын білдіреді. Шымкентте “Отбасы банк” арқылы жинақтау және әрі қарай тұрғын үй сатып алу үшін тағы 27 мыңнан астам жаңа салым шоты ашылған. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, азаматтар тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 11,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша әрі қарай кредит алу мүмкіндігі бар.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛЕТІН ПӘТЕР САНЫ АРТПАҚ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ALAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру