Байқауға түрлі этнос өкілдерінен құралған отбасылар қатысып, қазақтың ұлттық салт-санасы, отбасылық құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі мәселелері бойынша ұтқыр да ұтымды ойларын жеткізді, көрермендерге шығармашылық қарым-қабілеттерін көрсетті. Отбасылық сайыстың ең басты мақсаты — отбасы мүшелерін сайысқа қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата — аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Сондай-ақ, отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма және сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен бесінші рет өткізіліп отыр.
Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбаевтың айтуынша, отбасының мәртебесін биіктету, қарттарды құрметтеуге бағытталған сайысқа әр аудан өз үміткерлерін ұсынған.