16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Шымкент қаласының тың жоба ұсынған жастарына 1 миллион теңге қаржы табысталды. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов жеңісімен құттықтап, салтанатты түрде марапаттады.
– «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты биыл Шымкент қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 2023 жылы грант бағыттарын кеңейтіп, бұдан да көп жастарды ынталандыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі жеңімпаз жобалар қаламыздың мәдени-экономикалық дамуына үлес қосады деп сенеміз. Алдағы уақытта жастарымыздан бұдан да ауқымда жобалар күтеміз, – деді Мұратжан Шүкірханұлы.
Жастарға арналған грантқа өтінім қабылдау қыркүйек айынан бастау алған. Байқауда бақ сынау үшін 15 үміткер өзінің жобасын ұсыныпты. Бүгін 3 бағыт бойынша 4 қатысушы жеңімпаз атанып, ойға алған жобасын жүзеге асыратын қаржыға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша «Медиа» жобасын ұсынған Ернұр Нұрланұлы, «Мәдениет» бағытымен Салих Халиев, «Ерікті» бағытында тың жобаны алға тартқан екі үміткер Диана Жолдасбаева мен Тимур Ауданбаев марапатталды.
Жеңімпаздар арасында ең жасы кіші Диана Жолдасбаева ДЦП ауруына шалдыққан балаларға арналған ойын алаңшасын орнатуды көздеп отыр. Он бес жастағы Диана қаладағы №23 мектептің 10 сынып оқушысы.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты ғылым, ақпараттық технология, мәдениет, медиа және бизнес бағыттары бойынша тапсырылды. «Үздік» деп танылған 30 жастың әрқайсысына 3 млн теңгеден қаржылай сыйақы берілді. «Бұл марапат талапты ұл-қыздардың бастамаларын қолдау үшін жасалған қадам» – деді Президент.
– Екі жылдан бері мектебіміздегі еріктілер клубының мүшесімін. Біз балаларды оңалту орталығына жиі барамыз. Сонда науқас балаларға арналған ойын алаңшасы жоқ екенін байқадым. Осы қаржыға алдымен оңалту орталығына ойын құрылғысын қойып, науқас балалардың өзге балалар секілді ойнап, көңіл көтеруіне жағдай жасамақпын, – дейді жас ерікті.
«Шымкент келбеті»
Фото: Серік Қосаев

Ұқсас ақпараттар

КӘСІПКЕРЛЕР ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ҚЫМБАТТАУЫНА НАРАЗЫ

smarttop

«ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУДА АУҚЫМЫ КЕҢ

smarttop

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМДЕГІ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҮЛЕСІ 43 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ

smarttop

Пікір қалдыру