Қала әкімінің орынбасарының төрағалығымен ағымдағы жылдың 11 тамызында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Онда 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралып, құзыретті мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, Департаменттің бастамасымен газ дабылдарын сатып алу және орнату бойынша жергілікті атқарушы органдар мен демеушілер арасында меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта Департамент қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінде осы газ дабылдарын орнату бойынша жұмыс жүргізуде.
Жылыту кезеңінде адамдардың қаза болу және жарақат алу санын азайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде (жыл басынан бері БАҚ-та 1527 материал жарияланды, оның ішінде 230 мақала, 137 сұхбат, радиоарналар бойынша 1160 түсініктеме).
Үгіт-насихат жұмыстары үшін жергілікті атқарушы органдар 19 млн. теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл қаражатқа плакаттар, жадынамалар, билбордтар, әлеуметтік роликтер жасалып, халық арасында таратылды.
Жол бойындағы ЛЭД-экрандарда және адамдар көп жиналатын орындарда әлеуметтік роликтер жүйелі түрде көрсетіліп тұрады. Тақ күндері телеарналарда улы газбен уланудың алдын алу бойынша аудиороликтер қосылып, тәулігіне 3 рет арналарды ұстау жүргізіледі.
Қорытындылай келе, брифинг алдағы жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстарды халыққа жеткізгім келеді:
— жылыту маусымы басталар алдындағ, сондай-ақ жылу беру маусымы барысында түтін құбырларын, түтін мұржаларын және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа элементтерін күйеден кемінде үш айда бір рет тазалау;
— электр сымдарына тексеру жүргізу, тозған және уақытша схема бойынша жүргізілген электр сымдарын ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау;
— электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз, үй-жайды жылыту үшін қолдан жасалыңған стандартты емес электр жылыту құралдарын пайдаланбаңыз;
— пештерді қатты қыздырмаңыздар, жанғыш материалдарды, кірлерді жанып жатқан пештің үстінде кептірмеңіз;
— аула аумағын құрғақ шөптен және жанғыш қоқыстардан тазарту, күл жинау үшін қауіпсіз орынды алдын ала анықтау;
— балаларды үйде ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз.
Есіңізде болсын, өртті сөндіргеннен, алдын-алу оңай.
Өзіңізді және жақындарыңызды өрттен қорғаңыз, күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
Өрт кезінде -101 нөміріне хабарласыңыздар!