-0.7 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЕКЕНЖАЙҒА ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ SMS-ХАБАРЛАМА КЕЛУІН ЕСКЕРТЕДІ

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы үйлерге тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы және жаңа мекенжайға тез әрі оңай тіркелу жолдары туралы хабарлайды.
Бұл қызметті онлайн форматта 20 минутта рәсімдеуге болады, тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.
Корпорация филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады.
Бұл қызметті екі жолмен алуға болады:
— Біріншісі, Egov.kz порталы арқылы. Ол үшін ЭЦҚ болу қажет немесе SMS құпия сөз арқылы (мобильді азаматтар базасында тіркелу керек). Егер азамат жаңа мекенжайға тіркелгісі келсе, Egov.kz порталы арқылы өтініш береді. Меншік иесі өзінің электронды-цифрлық қолтаңбасымен өтініш берушінің өтінішін растайды. Өтінімді өңдеу және мақұлдау бірнеше минутты алады.
— Екінші жол – меншік иесі мен өтініш беруші ХҚО-ға жүгіну қажет және онлайн кезекті алдын ала брондау керек.
«SMS-хабарламалар жіберу арқылы біз проактивті форматта жақын арада құжаттардың мерзімі аяқталатын қазақстандықтарды ескертуді жоспарлап отырмыз, бұл азаматтарға Gov.kz порталы арқылы құжаттарын мерзімі өтпей тұрып тапсырыс беру мүмкіндігін береді. Осылайша біз қазақстандықтарды мерзімі өткен құжаттар үшін айыппұлдардан сақтағымыз келеді», — деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы  Әсет Тұрысов.
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін үй иесі мен тіркелген адамның электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 31 мың шымкенттік тіркеуге тұрған.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫРКҮЙЕКТІҢ СОҢҒЫ ЖЕКСЕНБІСІ – «ЕҢБЕК КҮНІ» БОЛЫП БЕКІТІЛДІ

smarttop

ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛАТЫН ОРЫНДАР БЕЛГІЛЕНДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру