0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ҮШІН БАСТЫ ДАМУ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Алдағы уақытта қожалық иесі нысан аумағын ұлғайтуды көздейді. Сол арқылы өнім көлемін арттырып, қызанақтарды көрші елдерге экспорттамақ.

Бастамаға қолдау танытқан Мұрат Дүйсенбекұлы ауылшаруашылық өнімдерінің артуы — экономикаға да оң серпін беретінін айтып, тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ауылшаруашылығы демекші, қарашаның 9-11 күндері қаламызда “AgriTek Shymkent’2022” ауыл шаруашылығының ІХ халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті. Көрме аясында өткен конференцияға қала басшысы М. Дүйсенбекұлы арнайы қатысып, сала көшбасшыларымен пікір алмасты.

Урбанизациясы мен агломерациясы күн санап өсіп келе жатқан үшінші мегаполис — еліміздегі ауыл шаруашылығы үшін қолайлы аймақтардың бірі. Мұны ескерген шаһар басшысы егіс егіп, өнім өндіруде алыс-жақын шет елдердің озық технологияларын үйреніп, тәжірибеде іске асыру қажеттігін де қаперге ілді. Сөз соңында жемісті еңбек етіп, ауыл шаруашылық саласын өркендету жолында тер төгіп жүрген қатысушыларға табыс тіледі.

— Жемісті жылдың жетістігін паш ететін барлық ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін шаруаларға, кәсіпкерлерге зор алғысымды білдіремін. Дихандарымыздың, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды,-деді әкім.

Айтып өтейік, көрмеге ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, суару және тыңайтқыш технологиялары, тұқымдар мен көшеттер, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялар, сондай-ақ ветеринариялық технологиялар қойылған. Жалпы еліміздің және Корея, Ресей, Түркия сынды басқа да 50-ден астам мемлекеттің экспоненттері ұсынылып отыр.

Жалпы, республикалық маңызы бар қала – жер аумағы шектеулі, қазба байлығы жоқ, негізгі экономикасы бизнеске, өндіріс орындарына тәуелді аймақ қой. Сондықтан, қала экономикасын көтеру үшін әкімдерге инвестиция тарту, бизнеске қолайлы жағдай жасау жұмыстарымен үздіксіз айналысу қажет. Бәлкім, әкімнің жұмысын да осы экономиканың өсіміне қарап бағалауға болатын шығар. Әйтеновтің уақытында қалаға тартылып жатқан инвестицияның да артып отырғанын, экономикалық өсімнің оң көрсеткішке ие болып отырғанын ескерсек, әкімнің жұмысын жоғары бағалауға болады деген сөз. Алдағы уақытта да осы жүрісімізден танбай, алға жылжи береміз деген үміттеміз.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер террористік тұрғыдан осал объектілердің нысандарын терроризмге қарсы қорғау бойынша семинар өткізді

smarttop

ЖҰМЫС САПАЛЫ ЖӘНЕ УАҚЫТЫЛЫ АЯҚТАЛУЫ ҚАЖЕТ

smarttop

ШЫМКЕНТ ДҮБІРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАР ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру