5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: ЖАСТАРДЫҢ КӘСІПКЕРЛІГІН ҚОЛДАУ ҮШІН ЖЫЛДЫҚ 2,5% ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ЖЕКЕ ТЕТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Өздеріңізге белгілі, мемлекеттің ұстанып отырған әлеуметтік саясаты – халықты масылдықтан арылтып, кәсіпкерлікпен айналысуға бейімдеу болып табылады.

Мемлекеттік қолдау бар, бірақ шектеулі, талаптары қатаң, жас кәсіпкерлерге қолжетімді емес. Жас кәсіпкерлердің мемлекет жасап отырған қолдаулардан алып отырған үлесі мүлде төмен. Егер жастар кәсіпкерлігін қолдау барынша кешенді түрде жүргізілсе, жұмсалған әрбір теңге еліміздің экономикасы үшін салық пен түсім ретінде 2-3 теңге болып қайтады деп ойлаймын. Еліміздегі әлеуетті кәсіпкер 25-34 жас шамасындағы азаматтардан құралғанын ескерсек, әлбетте жастар кәсіпкерлігін дамытудың маңыздылығын талап етеді.

Еліміздің кәсіпкерлік саласы көбінде шағын субъектілерден тұрады, яғни кәсіпкерліктің 83,4%-ы – заңды тұлғалар ретінде құрылмаған жеке кәсіпкерлік және шаруа қожалықтары. Алайда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көптігіне қарамастан, ел экономикасына негізгі үлесті ірі заңды тұлғалар қосады. Ірі кәсіпорындар санаулы ғана, барлық субъектінің небәрі 0,2%-ы.

Оның үстіне шағын кәсіпкерлік көбіне сауда, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы саласында болғандықтан мемлекеттік қолдауды алмайды десек те болады. Олай болса мемлекеттік қолдау шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бағытталуы керек. Әр азамат өзі үшін кәсібін ашып жұмыс істейді, бірақ жетістікке жеткенде елімен мақтанатынын ескерген жөн.

Бұл бағытта Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Өркендеген қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету — біздің сөзсіз басымдықтарымыздың бірі. Жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін жылдық 2,5% жеңілдетілген шағын несиелендірудің жеке тетігі іске қосылатындығын» атап айтқан болатын.
Осы ретте, Шымкент қаласы бойынша 261 жасқа 2,5%-бен жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланып, оған республикалық бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Шағын несие өндірісті дамытуға және өнім шығаруға арналған кәсіпкерлік бағытына 5 жылға, ауыл шаруашылығы саласына 7 жылға 5,0 млн. теңгеге дейін берілетін болады.
Сенімді өкіл (агент) ретінде «Агронесие корпорациясы» АҚ белгіленіп, 2023 жылдың 17 наурызында «Агронесие корпорациясы» АҚ-ы және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арасында тапсырма шарт түзілді.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БОЛАШАҚ ФУТБОЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫН ІЗДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

smarttop

Арыстық полицейлер жалғызбасты ананың алғысын алды

smarttop

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ТАССАЙ БӨЛІМШЕСІ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру