0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАҚЫЛАУШЫ КӨП ҚАЛАДА БЕЛСЕНДІЛІК ТӨМЕН

Сонымен, 20 қараша күні елде сайлау өтті. Астана, Алматы және Шымкенттегі сайлау учаскелері таңғы 6-да ашылды, өзге өңірлерде 7-ден бастап сайлаушылар үшін есік ашық болды. «Қызықсыз сайлау» деп бағалағанымызбен, ресми деректерге қарағанда Қазақстан электораты белсенді болған сияқты. Ендеше ресми ақпараттарға назар салайық.

21 қарашада сайлаушылардың келуі қорытындылары және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы ҚР ОСК брифингі өтті.

«2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың сайлау комиссиялары хаттамаларының электрондық көшірмелері негізінде дауыс беруге 8 300 046 адам қатысты. 2022 жылғы 20 қарашада сайлаушылардың келуі — 69,44% құрады. Өңірлер бөлінісінде:

Абай облысы — 80,18%;

Ақмола облысы — 78,87%;

Ақтөбе облысы — 72,81%;

Алматы облысы — 72,10%;

Атырау облысы — 70,87%;

Батыс Қазақстан облысы — 68,67%;

Жамбыл облысы — 79,57%;

Жетісу облысы — 81,42%;

Қарағанды облысы — 78,39%;

Қостанай облысы — 79,28%;

Қызылорда облысы — 81,07%;

Маңғыстау облысы — 66,99%;

Павлодар облысы — 77,58%;

Солтүстік Қазақстан облысы — 79,01%;

Түркістан облысы — 80,37%;

Ұлытау облысы — 75,48%;

Шығыс Қазақстан облысы — 79,49%;

Астана қаласы — 48,67%;

Алматы қаласы — 28,72%;

Шымкент қаласы — 59,79%».

Ең белсенді сайлаушылар Жетісу, Қызылорда, Абай және Түркістан облыстарында байқалған. Ал ең төменгісі мегаполистер мен елдің батыс өңірінде. Барлық сайлауда осындай көрсеткіш. Әсіресе Алматы қаласындағы көрсеткіштің 30 пайызға да жетпеуі назар аударарлық. Ешқашан мұндай төмен көрсеткіш болмаған шығар.

Салыстырмалы түрде көзі ашық, саяси және құқықтық сауаты жоғары ірі қалалардың тұрғындары неге дауыс беруге енжар қарайды? Мүмкін, мүлде бұлай емес шығар? Бәлкім елдің барлық өңірінде осындай көрсеткіш шығар? Тек, тәуелсіз бақылаушылардың дені осы үш қаладағы дауыс беру кезеңін бақылағандықтан, сайлау комиссиясы мүшелерінің «явканы» жоғары көрсетуге мүмкіндіктері болмаған болар?.. Қай қалада тәуелсіз бақылаушылар көп, сол қалада сайлаушылардың дауыс беруге қатысу қарқыны төмен болатыны ойландыруға тиіс.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 7 ОРЫНДА КӨМІР САТЫЛУДА

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 214 ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ

smarttop

Әлихан СМАЙЫЛОВ: ШЫМКЕНТТІҢ ӨҢІРЛІК САУДА-ЛОГИСТИКА ХАБЫНА АЙНАЛУ МҮМКІНДІГІ ЗОР

smarttop

Пікір қалдыру