0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАНК АЛДЫНДАҒЫ ҚАРЫЗДАР БОЙЫНША ЕЛ БАСЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Естеріңізде болса, 20 қазанда Жетісу облысына жасаған сапарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын» деген болатын.

Жоғарыдағы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің несиелерді кешіру туралы әрекеттерінің Тоқаевтың ұсынысына байланысы жоқ. Ал сонда Президент қандай ұсыныс жасамақшы? Әлде тағы бір рет несие амнистиясы жариялана ма? Әлде келер жылы қолданысқа енеді деп күтілген жеке адамдардың банкроттылығына байланысты қайндай да бір өзгерістер бола ма? Қазір басында кредиті жоқ адам кемде-кем. Сондықтан кредитке байланысты қандай да бір ақпарат болса бәрі алаңдап отырады. Ал несиенің кешірілуі бәріне майдай жағатыны айтпаса да түсінікті. Қарызын өзге біреу төлеп беріп жатса несіне разы болмасын? Бірақ халықтың осындай ең «жанды жерін» саяси ойындары үшін пайдалануға болмайды ғой. Алдымен оның салдарын ойлау қажет. Өйткені, несиені кешіру туралы апараттың өзі теріс идеологияға жатады. Мейлі, аз адамның болмашы қарызы-ақ кешірілсін, бірақ соның өзінде бұл көпшіліктің төлем қабілетін ескерместен несие алуға деген құмарлықтарын арттырады.

Жалпы, несие рақымшылығын жасап, мәселені оңай шеше саламыз деу қате, мұның ауыр салдарлары болуы мүмкін. Билікте мұндайды басқа жолмен шешу керектігін ұсынатын сауатты бір жанның табылмағаны таң қалдырады. Халықтың құқықтық және қаржылық сауатсыздығын пайдаланып сайлау алдында Президенттің жеке беделін көтеру әрекеті ме бұл? Солай болса, онда ақтауға болмайтын іс деп санаймын. Мемлекет қаржысын жұмсау үшін оған заңдық негіз болу керек. Несиелердің кешірілуі туралы қандай да бір заңда көрсетілген бе? Әлде биліктің құлағын ұстағандар қалаған кезінде «ананың қарызы кешірілсін, мынаның несиесі кешірілсін» дей беруіне бола ма? Өз қалталарынан төлеп жатса қуана қостаймыз ғой. Ал халыққа тиесілі бюджет қаржысын бұлай жұмсау дұрыс емес.

Бұған дейін бір рет несие кешірілгенін жоғарыда сөз еттік. 3 жылдан кейін тағы соған ұқсас жағдай. Бұдан кейін адамдарда жауапсыздық пайда бола бастайды. Несиеқұмарлық артуы ықтимал, есесіне төлегісі келмейтіндер де көбейеді. «Тағы бір рет кешірім жасауы мүмкін» деген үміт болады ғой. Екі рет рақымшылық жасады екен, демек үшінші рет те несиені кешіруі мүмкін емес пе?

Ал несие беруші банктерге де бәрібір. Өйткені мемлекет қаншама рет банктерді сауықтыру деген желеумен оларға триллиондаған теңге қаржы бөлген болатын. Тағы солай боларына олар да үмітті. Қарызын клиент өзі төлемесе, мемлекет еселеп төлей береді.

Ұқсас ақпараттар

АЙТЫСКЕРЛЕР ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫН КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАДЫ

smarttop

«TEṄ QOḠAM» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛЕТІН ҚОЛДАУ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ 83 ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру