Smarttop.kz

ПРОКУРАТУРА ТУРАЛЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Қаратау ауданы әкімдігінде тұрғындармен кездесу өтті. Онда елімізде 2022 жылдың 17 қарашасынан бастап күшіне енген ҚР «Прокуратура туралы» Конституциялық заңы түсіндірілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Азамат Парманов, Қаратау ауданы прокурорының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Алекешев және үй төрайымдары, ауыл билері қатысты.
Жаңадан қабылданған «Прокуратура туралы» заңға Конституциялық Заң мәртебесі беріліп, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқық қорғау функциясы біршама күшейтілді.
Сонымен қатар, бұл – еліміздің тарихында прокуратура органдарына қатысты конституциялық мәртебесі бар ең алғашқы заң.
Заңның мақсаты – Прокуратура органдары қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру және құзыретін кеңейту. Атап өтерлігі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді, заңдылықтың бұзылуын, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарын анықтауды, жоюды және құқық қорғау мен өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін айқындау міндеттерін қамтиды.
«Қабылданған жаңа құжат «ҚР Прокуратурасы туралы» Конституциялық Заңындағы ең негізгі деген басымдықтар мен өзгерістер реті осындай.
– Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында прокуратура және адам құқығы жөніндегі заңды қабылдау туралы атап өткен болатын. Міне, 2022 жылғы 5 қараша күні ҚР Президенті осы заңға қол қойды. Мұндағы ең басты ерекшелік – бұл заң енді конституциялық заң болып саналады. Жаңа құжаттың негізгі мақсаты – азаматтарды және олардың өмірі мен бостандығы, құқықтарын мемлекеттің жоғары құндылығы ретінде қорғауға, сондай-ақ заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Жаңа құжатта еліміздегі заңдардың пәрменді құралдары мен қадағалаудың тетіктері айқындалды, – деді Нұрсұлтан Амангелдіұлы.
Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, енді еліміздің бас прокуратурасы қабалданғалы жатқан заңдар, құқықтық нормативтік актілер, кодекстер, халықаралық шарттардың Ата Заңға сәйкестігі туралы өз ұсыныстарымен сотқа жүгіне алады.
Жиында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, прокурорлардың жауабын алды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 50 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ОРНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

Түркістан облысында полицей болғысы келетіндерге арналған «Ашық есік» күні өткізілді

smarttop

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру