16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН ТҰРАН ТҰРҒЫН АЛАБЫНА БЕЙНЕ-КАМЕРА ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласында әкімнің тұрғындармен жаппай кездесуінен бөлек жеке қабылдауы барысында көтерілген мәселелер де шешімін табуда. Жуырда қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қабылдауына келген Тұран алабының тұрғындары бейнебақылау камераларын орнатуды сұраған болатын.
Осыған орай, қала әкімінің тапсырмасымен Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының мамандары зерделеу жұмыстары жүргізді. Нәтижесінде тұрғын алаптағы 2 жол қиылысына бейнебақылау камералары орнатылып, тұрғындардың мәселесі оң шешімін тапты.«Шымкент қаласының жол және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында 300 аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) және 1500 жалпы бейне бақылау камераларын (бұдан әрі – ЖББ) орнату жұмыстары басталғанын хабарлай келе «осы айдың жоспары бойынша 700 ЖББ камералары орнатылып, Шымкент қаласының полиция департаментінің деректерді өңдеу орталығының құрылысы аяқталатын болады. Қыркүйекте 300 АБК, немесе 100 көше қиылысы және 200 желілік учаскелер бейнебақылау камераларымен қамтылады. Сондай-ақ, қалған 800 ЖББ камералары қыркүйек айының соңына дейін орнатылып, жоба толық іске қосылатынын баяндаймын», – деді басқарма басшысы. Камера орнатылған жерде оқыс оқиға бола қалса, полиция бекетіндегі инспекторлар сол маңдағы сыртқы бейне-бақылау камераларын айналдырып, мән-жайды бақылай алады. Қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық орын алса тез арада жедел басқару орталығының қызметкерлері қылмысқа күдікті немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны, автокөлікті анықтап, оны ұстау үшін жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің автокөліктегі экипаж құрамын жолдайды. Бұдан кейін ұсталған азамат аудан бойынша полиция бөліміне жеткізіліп, тексеру әрекеттері жүргізіледі.
Айта кететін жайт, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бейнебақылау камераларының санын ұлғайту жұмыстары жүргізіліп, қала аумағында жалпы саны 1000 бейнебақылау камерасы орнатылды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: СЫЛТАУ АЙТҚАН ӘКІМДЕР СЫНҒА ҚАЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШАРДАРА АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

smarttop

БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру