Бүгін Шымкент қаласындағы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «Шымкент» халықаралық сауда орталығының таныстырылымы өтті. Айтулы шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, сөз сөйледі.
—Шымкентте халықаралық сауда орталығының салынуы үлкен оқиғаға айналмақ. Мұндай орталықтардың міндеті — жергілікті тауар өндірушілерге өз тауарын халықаралық нарықтарға шығарып, тиімді бағамен сатуға көмектесу. Сол арқылы қаламыздың алыс-жақын шетелдермен өзара сауда айналымын арттырып, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік бар. Өткен жылы Шымкент қаласында сауда көлемі 1,6 триллион теңгеге жеткен. Айта кетейік, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Шымкент қаласы бойынша бөлшек сауда көлемі 417867,8 миллион теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 111,5 пайызды құрады. Сауда кәсіпорындарымен тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 348583,1 миллион теңгені немесе былтырғы жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 123,5 пайызды құрады. Жеке кәсіпкерлермен, соның ішінде базарда сататындармен өткізілген сауда көлемі 69284,7 миллион теңгені немесе былтырғы жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 75 пайызды құрады. Аудандар бойынша қаланың бөлшек сауда көлемін жасақтауда Әл-Фараби (жалпы көлемнің 28,5 пайыз) және Абай (28 пайыз) аудандары елеулі үлеске ие.
Шаһарда 800-ден астам тауарөндіруші бар. Халықаралық сауда орталығы осы компаниялар үшін тиімді алаңға айналады, — деді Мұрат Әйтенов.
Шаһарда 800-ден астам тауарөндіруші бар. Халықаралық сауда орталығы осы компаниялар үшін тиімді алаңға айналады, — деді Мұрат Әйтенов.
Жиында «Атамекен» ҰКП төрағасы Райымбек Баталов пен бірқатар шетелдік сауда орталықтары мен ірі компаниялардың өкілдері сөз сөйледі. Жиында «Атамекен» ҰКП төрағасы Райымбек Баталов пен бірқатар шетелдік сауда орталықтары мен ірі компаниялардың өкілдері сөз сөйледі.
«Шымкент келбеті»,
Фото Серік ҚОСАЕВ.