16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІ ӘКІМ НАЗАРЫНДА

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің әр тоқсан сайынғы жоспарлы халықпен кездесуі Әл-Фараби аудан тұрғындарымен жалғасты.
Қала әкімі мегаполистегі соңғы 9 айда атқарылған істерді қорытындылап, халықтың айтар ой-пікірлерін тыңдап сұрақтарына жауапты лезде беріп отырды.
Кездесуге 300-ден астам халық, басқарма басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Есепті кездесу Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
Шаhар басшысы жыл басынан бастап мегаполистегі елді мекендерді аралау барысында 125 кездесу өткізіп, көтерілген 1020 мәселенің әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған. Нәтижесінде бүгінге дейін 500-ге жуық мәселе шешілсе, 377-сі жыл соңына дейін шешімін табатын болады, ал 195 мәселе 2023-2025 жылдар жоспарына енгізілді.
Соңғы 9 айда 12 рет жеке қабылдау өткізіп, 1 200-ден астам азаматтың мәселесі тыңдалды. 2 341 мәселенің 760-сы нақты шімін тапса, 1 476-сы орындалуда, қалған мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілетін болады.
Әл-Фараби ауданының әкімі Р. Мыңбаев 2 елдімекен, 13 шағын аудан бойынша атқарылған жұмыстар мен халық сұранысындағы инфрақұрылым жүйелерінің тартылуы, баспанамен қамту, арнайы спорт және балалар ашаңшаларының салынуы мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады.
Регламентке сай сұрақ-жауап болып, қала әкімі М.Әйтенов 30-дан аса атап айтқанда, денсаулық саласы, жұмыспен қамту, инфрақұрылым, балалар ойын алаңшалары, қоқыс мәселесі, заңсыз ғимарат салу мәселелері төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында М.Әйтенов хаттамаға енген мәселелердің шешімі бойынша, заң аясында жан-жақты жұмыстар атқарылатынын атап өтіп, қоғамдық мәселелердің шешімінде белсенділік танытқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

БІР ЖЫЛДА 127 ЖҮЛДЕ

smarttop

БІРЛІК БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

smarttop

ЖАС ДӘУРЕН ТҰРҒЫН АЛАБЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру