4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ

Шымкент қаласында мәселелер шешімін тауып, жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Барлық салада да оң өсім байқалады. Мемлекет басшысы М.Әйтеновті шаһарға қайта әкім етіп тағайындады. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Енді бұған дейін қолға алынған жұмыстар, жоспарлар одан әрі жалғасын табады.

Мұрат Дүйсенбекұлы басшылық еткен кезеңде Шымкент қаласында білім беру мен денсаулық сақтау салалары да орнықты дамып келеді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкентте 2025 жылға дейін 101 мектеп салу жоспарланған болса, соңғы 2 жылдың өзінде 24 754 орынды 59 мектеп пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылы үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі. Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік бағытта, жалпы барлық салада оң көрсеткіштер бар.

Тұрақтылық болған жерде жетістік, даму бар. Алда атқарылатын жұмыс көп. Осындай күрделі кезеңде Мұрат Дүйсенбекұлына сенім артамыз.

Баян Жандосова,
«Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «DOMBYRA PARTY» ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНДЕРІ 239 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

smarttop

Полицейлер көршісінің сиырын сойып, етін сатып жіберген күдіктіні ұстады

smarttop

Пікір қалдыру