Smarttop.kz

БАЙЛАНЫСТЫҢ НАШАР БОЛҒАНЫ ҮШІН ОПЕРАТОРЛАРҒА САЛЫНАТЫН АЙЫППҰЛ МӨЛШЕРІ ӨСТІ

Бүгін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш министрінің орынбасары Мәлік Олжабеков Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында халықпен кездесіп, тұрғындарды мазалаған сауалдарға жауап берді. Кездесуді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев ашып, жүргізіп отырды.
Вице-министр қазіргі таңда елімізде ұялы байланыс пен интернеттің сапасын жақсарту мақсатында бірқатар белсенді іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар байланыстың нашар болғаны үшін операторларға салынатын айыппұл мөлшері 100-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін өскені жайлы айтты.

–Жыл басынан бері біздің ведомство 270-тен астам тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 514 млн. теңге айыппұл салынды. Нәтижесінде байланыс операторлары қызмет көрсетудің сапасын жақсартатын станцияларды жабдықтап, қайта орнатты. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады, — деді М.Олжабеков.

Сонымен қатар, министрдің орынбасары еліміздегі мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуы 94 пайызға жеткенін, 20 түрлі құжат eGov Mobile және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы электрондық форматта қолжетімді екенін айтты. Ендігі мақсат – проактивті форматқа көшу. Мұндай формат қазірдің өзінде 26 қызметте қолданылады. Жақын арада оны 38-ге жеткізу жоспарланып отыр.
«Шымкент келбеті»,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер «Playstation» жалға алып, оны ломбардқа өткізіп жіберген жас жігіттерді ұстады

smarttop

ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛҒАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ БІРІ

smarttop

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп екі танысын алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды

smarttop

Пікір қалдыру