0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ САПАЛЫ ШЫНЫ МОЗАЙКАЛАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

«Гидрострой Шымкент Групп» ЖШС компаниясы «Ордабасы» индустриалды аймағында орналасқан. 2018 жылдың мамыр айында ашылған компания шыны өндірісінде алдыңғы қатарда саналатын Испания, Италия сияқты елдердегі заманауи технологиялардың тәжірибесі негізінде құрылған. Бүгінгі таңда компания өнімдері декор, кілем тақталары сияқты күрделі сәулеттік шешімдері арқылы Қазақстан нарығында ғана емес, шетелде де сұранысқа ие.  Қазақстанның инновациялық экономикасына мамандар даярлау экономика мен өнеркәсіптің барлық саласында түбегейлі өзгерістерге бетбұрыс жасалған жаһандық бәсекелестік жағдайында жүзеге асырылуда. Бұл өзгерістер робот техникасы, био- және нанотехнологиялар, жасанды интеллект жүйелері, ақпараттық желілер мен интеграцияланған жоғары жылдамдықтағы көлік жүйелері дамуының негізінде орын алады. Бүгінде біздегі жоғары техникалық білім зымыран уақыт дамуынан кенже қалып отырғаны шындық. Ұсынылатын білім деңгейі мен техносаланың жоғары сұранысы арасындағы бұл алшақтық өндірісте жұмыс істеуден қорқатын мамандар даярлап шығаруға әкеледі. Ал, қашандағыдай өндірістің өзегі – озық біліммен қаруланған, кәсіби даярлығы мықты инженерлер мен техник-мамандар болып қала бермек.
Компания мемлекеттік қолдаудың бар игілігін көріп отыр. «Бизнестің жол картасы–2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 14,25 пайызбен несие алса, соның 7,25 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды. Бұған қоса жеткіліксіз кепілзат орнына «Даму» қоры кепілдік берген.
– «Gidrostroy Glass Mosaic» бренді Қазақстандағы шыны мозайканың алғашқы әрі ең мықты өндірушісі саналады. Инновациялық даму жолын таңдаған компаниямыз ұдайы өнімнің сапасын жақсарту және алуан түрін арттыру, нарыққа өз идеяларын жеткізу бағытында жұмыс істейді, – дейді компания басшысы Олег Хатамов.
Шыны мозайка қабырғаны безендіруге, әшекейлеуге, еденге, бассейндерге, субұрқақтар мен басқа да қажеттіліктерге пайдаланылады. Интерьерді безендіруге арналған көптеген материалдың ішінде шыны ұзақ уақыт бойы мөлдір құрылымын сақтай алады. Компания алдағы уақытта шыны өңдеу және өндіру технологияларды пайдалана отырып, оның бірнеше түрін шығармақ. Ал материалдың құнын төмендету едендер мен қабырғаларды әрлеу үшін шыны мозаиканы қолдануға мүмкіндік берді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

СЫРЛЫ СОЗАҚТА СҰЛУЛАРДЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

smarttop

ТҮРКІСТАН: БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

Ө.ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫ БОЙЫНША ҮЛКЕН ЕҢБЕК БАР»

smarttop

Пікір қалдыру