Еңбек кодексінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмыс берушілердің міндеттерінен бөлек жұмыскерлердің де құқықтары айқындалған.
Бұл туралы баспасөз брифингінде Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов айтты. Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету және өндірістік жарақат көрсеткішін төмендету – Үкімет алдындағы негізгі міндеттің бірі. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 10,7%, оның ішінде қайтыс болғандар саны 16,2%-ға азайған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.
Жұмыскерлердің құқықтары:
— жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың, келісімдердің, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындауды талап етуге;
— еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
— еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
— бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;
тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;
— еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
— міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
— еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;
— кепілдіктерге және өтемақы төлемдерін алуға;
— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен қамтамасыз етілуге;
— жұмыс беруші жұмыскерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеген жағдайда және денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін ахуал туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта жалақысының сақталуына құқығы бар.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы