Smarttop.kz

М.ӘЙТЕНОВ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірнеше нәзік жандыны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шаңырағына барды.

Алдымен қала әкімі зиялы қауым өкілі — «Восход» фабрикасының директоры Гулужиган Байгаринаның шаңырағында болды. Қаланың өркендеуіне, экономикалық өсіміне елеулі үлес қосқан кәсіпкерге өзінің алғысын білдірді. Қаншама жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан фабрика — қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі екенін айтып, ақ жарма тілегін жеткізді.

Шаһар басшысы бүгінгі құттықтауында қала зиялыларының бірі — Сайлаукүл Барахованы да естен шығармады. Экс-сенатор, облыс әкімінің орынбасары болған, ұстаз, аяулы ана Сайлаукүл Жаппарқызы қазіргі таңда құрметті зейнеттік демалысында. Үйдегі 100 жастағы қарт анасы Зара Ибрагимоваға да қала әкімі арнайы сыйын ұсынып құрмет көрсетті.

— Сіздер салған жолмен қаншама қыз-келіншек өз кәсіптерін бастап, мамандықтарының биік шыңында жүр. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйелдер бақытқа лайықты. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын — деді М.Әйтенов.

Ұқсас ақпараттар

«ҒЫЛЫМ МЫҚТЫ БОЛСА, МЕМЛЕКЕТ ТЕ ҚУАТТЫ БОЛАДЫ»

smarttop

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ ТЕРМИНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ТОЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕЛЕРДІ, ТРОТУАРЛАР МЕН АРЫҚТАРДЫ ТАЗАЛАУ КЕСТЕ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

3 комментария

smarttop 09.03.2022 at 12:13

жақсы жаңалықтар

Жауап
smarttop 09.03.2022 at 12:18

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйелдер бақытқа лайықты.

Жауап
smarttop 09.03.2022 at 12:19

Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын

Жауап

Пікір қалдыру