0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«Е-ЛИЦЕНЗИЯЛАУ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді жетілдіру мақсатында
«Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесінде интеграциялық жұмыстар жүргізілді.
Осыған байланысты, 5 желтоқсаннан бастап сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында өтініш беру, мәліметтер нысандарын толтыру кезінде лицензия алу және аккредиттеу үшін аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлер және (немесе) сарапшылар бойынша ақпарат еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен автоматты түрде алынатын болады.
Сондықтан көрсетілетін қызметті алушылар жасалған еңбек шарттары бойынша ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуі қажет. Алдымен электронды еңбек шартын жасасудың жолдарынан бастайық. Ол үшін кәсіпкер Enbek.kz порталына кіріп, тіркеледі. Одан соң, авторизациядан өтіп, «Еңбек шарты» деген батырманы басады. Шыққан терезеге қызметкер туралы мәліметтерді жазады. Портал автомат түрде толтыратын тұстарды шығарып береді. Содан кейін жүйе енгізілген деректерді өңдеп, мемлекеттік органдарда тіркелгені туралы ақпаратты сұратып, жұмыс берушіге қызметкердің жеке іс-қағазын цифрлық форматта жасап береді. Одан соң дайын шаблонға сәйкес портал еңбек шартының дайын мекетін әзірлейді. Қандай да бір өзгеріс енгізу керек болса, алып-қосуға болады. Сонымен шарт жасау процесі тәмам. Бұдан бөлек, қызметкер өзінің жеке іс-қағазын қалаған кезінде қарай алады.
Енді ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті (жаңа еңбек шарттары — 5 жұмыс күніне дейін, еңбек шартына өзгерістер — 15 күнтізбелік күнге дейін).
Электрондық еңбек шарттарын жасасу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ға жүгіну қажет (enbek.kz, 1414).

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ АНТ ҚАБЫЛДАҒАНДАР САНЫ 135 КЕ ЖЕТТІ

smarttop

111 – БІРІҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

smarttop

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ — ЖАҢА БАҒЫТ ⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

smarttop

Пікір қалдыру