0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«БАҚЫТТЫ ҚАЛАҒА САЯХАТ» КОНКУРСЫН ЖЕҢГЕН ФРАНЦУЗ АЗАМАТЫ НАУРЫЗДА ШЫМКЕНТКЕ КЕЛЕДІ

Францияның Париж қаласында өткен роуд-шоуда “Бақытты қалаға саяхат” конкурсын жеңген француз азаматы Наурыз мерекесінде Шымкент қаласына саяхаттап келеді.
Нельсон Родригес Қазақстан жайлы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы аталған конкурстың жеңімпазы атанды. Ол Наурыз мерекесінде Шымкент қаласына келіп, өңірдің мәдениетімен және тарихымен танысуға ниеттеніп отыр.
Айта кетейік, Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы қаланың туристік мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылығын насихаттау, туристік ағынын арттыру және туристік өнімді жарнамалау мақсатында Париж қаласында роуд-шоу ұйымдастырған болатын. Роуд-шоу — аймақтың турбизнес өкілдерін қаламыздың туристік мүмкіндіктерімен, гастрономиясымен, мерекелік іс-шараларымен, бағдарламаларымен таныстыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, Франция Қазақстанға инвестиция салушы елдер арасында алғашқы ондықта. Жыл сайын бұл елге миллиондаған турист келеді. Яғни, туризмі қарқынды дамыған алпауыт ел ретінде белгілі. Францияның туризмі ел экономикасының маңызды аспектісі болып табылады. Осы елдің тәжірибесін пайдалана отырып, екіжақты туристерді тарту үшін бірлесе жұмыстар атқарылмақ. Бұл қадамдар туристік ағымды ұлғайту үшін ғана емес, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру, сапарлармен алмасу, өзара инвестициялар тарту, мемлекеттер арасындағы саяси диалогты кеңейту үшін де нәтиже береді деп күтілуде.Айта кетейік, өзге қала тұрғындары арасында ерекше қызығушылық оятқан байқауға жалпы саны 1000-нан аса азамат белсенділік танытып, байқаудың барлық талап-ережелерін орындап, тікелей эфир барысында көп ішінен Маңғыстау облысының тұрғыны жеңімпаз атанған болатын. Жеңімпаз Жұлдызай Қалиева Қызылорда облысының тумасы. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы Ақтау қаласында жұмыс істейді. “Бақытты қалаға саяхат” байқауы арқылы Шымкент қаласына алғаш рет келіп, биылғы Әз-Наурыз мерекесін еліміздің гастрономиялық орталығында қарсы алды.

Ұқсас ақпараттар

СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША КОРПУСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАС ПАТРИОТ – 2022» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ: «НЫСАНДАРДЫ ӨНДІРІСТІК КЕСТЕГЕ САЙ ТАПСЫРУ ҮШІН ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ»

smarttop

Пікір қалдыру