Мемлекет басшысының Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл құптарлық қадам деп санаймын. Себебі, «Тал бір жерде көгереді» дегендей, қандай да ауқымды істі атқарғанда, елді, белгілі бір аумақты басқарғанда тұрақтылық қажет-ақ. Себебі, ойға алған жоспарларды соңына дейін жеткіуге мүмкіндік болады.
Ал Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымын 2020 жылдың 21 қаңтарынан бері табысты атқарып келеді. Ол басшылық еткен кезеңде Шымкент қаласының жалпы дамуы алға басып, қала бюджеті бірнеше есе өсті. Экономикалық жағымен қоса қаладағы әлеуметтік салаға да баса назар аударылып келеді.
Оның ішінде өзім басқаратын үкіметтік емес ұйымдар туралы айтсам, Шымкент қалалық Азаматтық Альянстың жұмысында елеулі ілгерулеушілік бар екенін айтпай кетуге болмайды.Осы мақсатты көздеген облыстық ішкі саясат басқармасы “Ата Заң – елдігімнің, ерлігімнің нышаны” деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізіп, оған мемлекеттік қызметкерлер, саяси партиялар мен “Жастар қанатының” жетекшілері, этномәдени орталық басшылары, жоғары оқу орындарының ұстаздары қатыстырылып, кең көлемді пікір алмасудың маңыздылығына мән берілді. Отан – отбасынан басталады. Қала әкімінің қолдауымен шымкенттік үкіметтік емес ұйымдар, жалпы, азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын Шымкент қаласының азаматтық ресурстық орталығы арнайы ашылып, сәтті жұмыс істеп келеді. Ол елдегі, қаламыздағы азаматтық қоғамның дамуы үшін тер төгіп жүрген белсенді азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүддесін қорғаушылардың, жалпы Азаматтық Альянс мүшелерінің бас қосатын басты алаңына айналып отыр.
Осы жылдар ішінде Азаматтық Альянс Шымкент қаласының әкімдігімен, Мұрат Дүйсенбекұлы басқаратын жергілікті атқарушы орган өкілдерімен тығыз байланысты жұмыс істеп келеміз. Және бұл байланыс алдағы уақытта да жалғасады деп сенеміз. Себебі, барлығымыздың көздегеніміз бір – ол туған қаламыздың дамуы мен өркендеуі.
Жұмағали Білісбеков,
Шымкент қалалық Азаматтық Альянстың төрағасы