9.3 C
Шымкент
Четверг, 23 октября, 2025
Smarttop.kz

М.ӘЙТЕНОВ МАЖАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Астана қаласындағы Мажарстанның төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона мырзамен кездесті.
Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты арттыра отырып, экономикалық қарым-қатынасты нығайту, шаһарға инвестициялық жобаларды тарту және әрбір жобаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайлы айтылды.
Шаһар басшысы даму жолындағы Шымкент қаласының мегаполис мәртебесін алғанына бес жылға жуықтап қалғанын тілге тиек етіп, осы уақыт ішінде инвестиция тарту көрсеткіші айтарлықтай өскенін, инвестициялық әлеует пен мүмкіндіктердің молайғанын атап өтті.
«Мажарстан – Қазақстанның Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Әрі бауырлас халық. Үшінші мегаполис —  Шымкентте инфрақұрылым дамыған, барлық жағдай бар. Қаланың Орта Азияда инвестициялар, технологиялар және зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болу үшін әлеуеті жеткілікті. Сіздер тараптан жоспарланған инвестициялық жобалар – көпсалалы аурухана, денсаулық сақтау орталығы, адам ДНҚ-сының құрылымын зерттейтін заманауи зертхана (генетикалық инженерия) және медициналық жабдықтар өндірісі сияқты инвестициялық жобалардың маңызы зор. Біз өз тарапымыздан инвестициялық жобаларды іске асыруда көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді қала әкімі.
-Қазақстан Мажарстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың құрылғанына 30 жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт аралығында сауда-саттық, экономика салаларында әріптестік жобалар мен екі жақты келісімдер жасалды. Ширек ғасырдан астам әріптестік аясында жасалған жобалардың екі елге де септігі тиіп, іскерлік қарым-қатынастың нығайып келе жатқаны баршаға аян. Осындай келелі игі істерді жүзеге асыруда Шымкент қаласының да үлесі болуы заңдылық әрі үлкен мәртебе,-деді қала басшысы.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

В Шымкентской школе «Жас Улан» обучается около 400 детей

smarttop

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗУ БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРЛАНАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ 95% АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру