0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҰЛТ БОЛАШАҒЫН ҰМЫТПАЙЫҚ

Аналар кеңесінің «Аналар – шаңырақ шуағы» атты басқосу өтіп аталған жиынды Аналар кеңесінің төрайымы Балқия Көмекбаева ашып, қазіргі қоғамдағы отбасылық тәрбиедегі орын алып отырған біршама мәселелерді қозғады.

Ұлт тәрбиесі, жастар тәрбиесі, ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, патриотизм тақырыптары аясында атқарылады деп табылған бастамалар жеткілікті. Арнайы кездесулер, семинар-тренигтер, конференция-жиындар өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Барлығы дерлік осы кеңестің мақсатымен ұштаса өтеді. Аналармен, арулармен бірігіп ұйымдастырамыз деген ойдамын. Атқарып отырған қызметіміздің жауапты әрі сауапты екенін ескеріп, тыңғылықты түрде жоспарды орындауға кірісеміз. Ақ жаулықты аналарымыздың өнегесін, үлгісін танытсақ деген ойымыз бар. Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі екенін ескеріп, болашақты жасауда үлкен еңбек ету басты міндет болуы тиіс.

— Аналар кеңесі – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, Қазақстан халқы Ассамблеясы мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында құрылған. Бүгінде Шымкент қаласында 13 аналар кеңесі жұмыс істейді, оған 113 ана мүше. Қазіргі қоғамда бала тәрбиесін ұстаздарға артып қою жағдайлары орын алып жүр. Дегенмен ұлт болашағының тәрбиесі аналардың қолында. «Бесігіңді түземей, ұлт түзелмейді» деген. Аналар кеңесі жыл басынан бері 50-ге жуық іс-шара өткізді. Білім мекемелерінде кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр. Осындай игі шараларға өз еңбектерін қосып жүрген аналар кеңесінің мүшелеріне алғысымды білдіремін –деді Балқия Әбдіманапқызы.

Бала-шағаның, үйдегі отағасының жайын ғана емес, сондай-ақ, ақ жаулықтыларымыз қалың елдің қамын да ойлап жүреді. Оған жуырда ғана Түркістан қалалық мәдениет үйінде өткен областық Қазақстан халқы Ассамблеясыны жанындағы аналар кеңесінің жиыны дәлел. «Аналар – шаңырақ шуағы» атты бұл шараға облыс аумағындағы барлық өңірден аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, оқу орындарының оқытушылары мен студент жастары қатысты. Тек нәзік жандылар жиналған бұл кездесуде негізінен ұрпақ тәрбиесі жайлы сөз қозғалды. Ақ жаулықты аналар жас буынға ұрпақ тәрбиесін және тәрбие жолындағы мәселелерді қалай шешуге болатынын айтып өтті.

Сонымен қатар, жиынға «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Асқар Копеев, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лаура Ақшегірова қатысып, сөз сөйледі.

Жиын соңында белсенділік танытқан кеңес мүшелері алғыс хатпен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

3 миллион теңгенің жылқыларын ұрлаған екеу сотталды

smarttop

МЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

smarttop

65 – БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН ӘЛЕМ

smarttop

Пікір қалдыру