10.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

 «ОТБАСЫ – ШАҒЫН ОТАНЫМ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю — отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт. Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды.
Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек! Осы мақсатты Шымкент қалалық «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде «Отбасы – шағын Отаным» байқауы өтті.

Байқауға түрлі этнос өкілдерінен құралған отбасылар қатысып, қазақтың ұлттық салт-санасы, отбасылық құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі мәселелері бойынша ұтқыр да ұтымды ойларын жеткізді, көрермендерге шығармашылық қарым-қабілеттерін көрсетті. Отбасылық сайыстың ең басты мақсаты — отбасы мүшелерін сайысқа қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата — аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.  Сондай-ақ, отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма және сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен бесінші рет өткізіліп отыр.

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбаевтың айтуынша, отбасының мәртебесін биіктету, қарттарды құрметтеуге бағытталған сайысқа әр аудан өз үміткерлерін ұсынған.

Өнегелі отбасы болу, ата-ананың перзент алдындағы міндеті, перзенттердің ата-ана алдындағы жауапкершілігі, қазақстандық қоғамдық отбасы институтының орны мен рөлі, отбасылық тәлім-тәрбие жөнінде қатысышулар өзіндік ойларын білдіріп, үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Қазылар алқасының ұйғарымымен:

Пак Тимур отбасы — І-дәрежелі дипломмен;

Турдиев Нижат отбасы — ІІ-дәрежелі дипломмен;

Дробязко Юлия отбасы – ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталып, үздіктер қатарынан көрінді.

Барлық қатысушыларға «Қазақтану» жобасын іске асыруға қосқан үлестері мен азаматтық белсенділіктері үшін Алғыс хаттар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТТЕРІН СӨНДІРУ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

smarttop

В Туркестанской области полиция изъяла у пожилого мужчины патроны и рога архара

smarttop

10 АЙДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру