13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

САПАЛЫ АУЫЗ СУ ҚАШАН БОЛМАҚ?

Су ағзадағы бүкіл тіршілік әрекетін реттеп отырады. Ол газ тәрізді, сұйық және қатты заттарды ерітуші болып табылады, сондай-ақ зат алмасу, ас қорыту жүйелерінің жұмысына қатысады.Сапалы ауыз су мөлдір, иіссіз және жағымды дәмді болуы керек. Сапасыз судың салдарынан адамдар холера, гепатит, дизентерия т.б жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Сапалы сумен қамтамассыз ету мақсатында салынып жатқан су жинақтағыш ғимаратынының құрылысын қала әкімі Мұрат Әйтенов бақылап қайтты.

Айта кетейік, бұл ғимарат “Нұртас” елді мекені аумағында көп қабатты үйлердің салынуына байланысты алдағы уақытта су жетіспеушілігін болдырмау мақсатында салынып жатқан стратегиялық нысан.

Нысан құрылысы 1000 м3 су жинайтын 2 резервуардан, 2 насос, трансформатор және бақылау пунктінен тұрады. Аумағы темірбетон және болат сыммен қоршалған. Сонымен қатар нысанда 2 дана темір қақпа құрылысы мен көлік қою тұрағы және қоқыс тастау алаңшасы қаралған.

Аталмыш ғимарат құрылысы желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Қала басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Осымен қатар, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендері ауыз суды кестемен тұтынады. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында биыл 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр.  Олар:  Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумақтары және Қайнарбұлақ е/м. Ал, Сайрам елдімекенінде құрылыс жұмысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр.Бүгінгі таңда Құрсай елдімекенінде екі кезеңнен тұратын жобаның 80 пайыздан астам құрылыс жұмыстары аяқталып, 270 шақырым су құбыры орнатылды. Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су құбырын тарту құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Осы жылдың қорытындысымен  Құрсай,  Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99%-ға жетеді. Жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ АҚТАСТЫ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

smarttop

Полицейлер «Даму» атты кәсіпкерлікті қолдау қорынан 13 000 000 теңге алып беремін деп алаяқтық жасаған жас қызды анықтады

smarttop

ШАҺАРДА “БІР ТЕРЕЗЕ” ЖҰМЫСЫ ОҢ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру