0.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың құрылыс барысын тексерді. Үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асады. Нәтижесінде аталған көшелердің көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артпақ.

Жолайрықтың техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек. Қазіргі уақытта аталмыш құрылыс нысанында Арғынбеков көшесі бойымен жер қазу жұмыстары атқарылуда.

30 қаңтар күні батыстан шығысқа қарай Байтұрсынов көшесінен Бәйдібек би даңғылына дейінгі аралық жабылды. Көлік қозғалысы үшін Арғынбеков көшесіне альтернативті магистралдар ретінде Рысқұлов және Төлеметов көшелері белгіленген.

Құрылыс жұмыстарының барысын тексерген қала әкімі мұның Шымкенттегі маңызды нысандардың бірі екенін алға тартты. Мегаполис үшін кептеліс басты мәселе, сондықтан тұрғындардың қолайлылығы үшін құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, мүмкіндігінше мерзімінен бұрын аяқтау қажеттігін айтты.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері діни қызметке қатысты заңды бұзғаны үшін жергілікті тұрғынды жауапқа тартты

smarttop

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ЕРЕКШЕ БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТТІ

smarttop

Пікір қалдыру