2.3 C
Шымкент
Пятница, 15 ноября, 2024
Smarttop.kz

ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ  

Естеріңізде болса жылдың бастамасы 5 сәбидің өлімімен басталған болатын. Президентіміздің өңірлерге берген тапсырмасына орай өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау мақсатында газдарды тексеру жұмыстары жүргізілген болатын.

Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану кезіндегі міндеттері «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңның 17,19-бабында айқындалған.

Оның бірі тұтынушыларға газ жабдығының тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттелген.

Ол үшін тұтынушылар осы салада жұмыстарды жасауға уәкілеттілік берілген ұйымдармен, яғни газ таратушы немесе аттестатталған тәуелсіз ұйыммен келісімшарт жасасып, газ жабдығын тексерту қажет.

Дегенмен бұл талаптарды көптеген тұтынушылар сақтамайды.

Салдарынан қаламызда жыл басынан газбен уланудың 209 фактісі бойынша 215 адам зардап шегіп 9 адам қайтыс болған.

Өз кезегінде бұл талаптар орындалмаған жағдайда тұтынушыларды газдан ажыратып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 306-бабының негізінде 21,4 мың теңге айыппұл салу қарастырылған.

Сондықтан құрметті қала тұрғындары, өздеріңіз және жақын адамдарыңыздың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндіріп, қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздікті сақтап, ол бойынша тәуелсіз ұйымдармен келісімшарт жасасумен газ жабдығын тексертуге шақырамыз.

Ал осындай қызмет түріне және қызмет көрсетуші мекемені таңдай отырып қашықтықтан (онлайн түрде) «www.I-Shymkent.kz» порталы арқылы тапсырыс беруге болады. Онда қалада жұмыс жасайтын 13 мекеменің атауы («Gas Area» ЖШС, «Зенит-ВДГО» ЖШС, «КазГазАймакСервис» ЖШС, «Омега-21-ВДГО» ЖШС, «Орион-Р» ЖШС, «Орынбасар – Султан» ЖШС, «РЦКУ-Шымкент» ЖШС, «Т.О.Б.» ЖШС, «Центр Суан» ЖШС, «M Energy Group» ЖШС, «Kind Estate» ЖШС, «Miras Holding» ЖШС, «Mi Gas Service» ЖШС) көрсетілген.

Газ жабдығының тиісті техникалық жай-күйін тексерту кезінде, осындай қызметті көрсететін ұйымдардан сапалы қызмет көрсетуді талап ету қажет.

Жекелеген жағдайларда, қызметті сапасыз көрсету салдарынан адамдардың улану фактісі орын алған.

Өз кезегінде кінәлі тұлғалар ҚР ҚК-нің 306-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

Сонымен бірге осы қызметті сапасыз көрсеткен ұйымдарға ӘҚБтК-тің 299-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

Осыған байланысты газ таратушы немесе аттестатталған тәуелсіз ұйымдар сапасыз қызмет көрсеткен жағдайда қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына немесе прокуратура органдарына шағымдануларыңызды сұраймын.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

smarttop

Шымкенттік полицейлер волейбол жарысынан бірінші орын иеленді

smarttop

«ТАССАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 4 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

smarttop

Пікір қалдыру