Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша кезекті жиын өтті. Жылу беру маусымына деген дайындықтың қалай жүріп жатқанын қадағалауды ұсынды.
Қала бойынша орналасқан «3-Энергоорталық» АҚ-дағы 2 турбина, 3 қазандық ағымдағы, транформаторларды тексерістен өткізіп, жөндеуге жіберілді. Қалған 3 бойлерді күрделі жөндеу 82%, қосалқы жабдықтарды ағымдағы жөндеуі 95%-ға орындалып, қалған жұмыстар 10 күн ішінде аяқталады. Барлық трансформаторлардың жағдайын жақсартуды қолға алды.
«Қуатжылуорталық-3» МКК-ға қарасты 15 жылу қазандықтың 13-і дайын. Қалған 2 қазандық дайындық үстінде. 17 сорғы стансалардан 15-і дайын, қалған екеуінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы дайындық жұмыстарын жоғарылату деңгейінде жылу жүйелерін қадағалауда.