Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдарлау жұмысына, жастарды еңбек нарығының қажетті мамандықтарға бағытталған «Профнавигация» және «Болашаққа қадам» жобалары аясында 72 кездесулер мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды.
Волонтерлік бастамаларды қолдау бойынша «MEYIRIM.KZ» электронды қайырымдылық порталы жұмыс жасайды. Портал арқылы 5985 мұқтаж отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Порталда 32 қайырымдылық қоры, 19 заңды тұлға ресми тіркеліп, қызмет көрсетуде.
Дарынды жастардың шығармашылығын шыңдау және қолдау мақсатында Шымкент қаласы әкімінің жүлдесі үшін республикалық «Күміс домбыра» жас ақындар айтысы мен «Күміс қалам» атты жас ақындар сайысы ұйымдастырылды.
Жастарға арналған біріңғай платформа қалыптастыру мақсатында мобильді «Jasapp» қосымшасы іске қосылуда. Мобильді қосымша жастарға қажетті қызметтерді бір орталықтан алуға ыңғайластырып жасалып жатыр.
Қаланың білімді әрі іздемпаз жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жобасы жүзеге асырылып, үш бағыт бойынша жобаларға гранттық сыйлық берілді.
Отбасындағы құндылықтарды насихаттау мақсатында «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту», «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Мерейлі отбасы», «Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру жобалары» жүзеге асырылды.
Аталған жобалар шеңберінде отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресуге, алдын алуға, отбасылардың рухани құндылықтарын дәріптеуге арналған арнайы мамандардың қатысуымен 60 кездесу ұйымдастырылды.
Жас ұрпақтың санасына отбасы құндылықтарын сіңіріп, отбасы институтының діңгегін нығайтуға жоғары және орта арнаулы оқу орындарында «Ұлдар кеңестері», «Қыздар кеңестерінің» отырыстары өткізілді.
Гендерлік саясатты дамыту, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру бағытында «Ардагерлер кеңестері», «Әкелер кеңестері», «Аналар кеңестерінің» отырыстары ұйымдастырылды. Түрлі салада белсенді еңбек етіп және еңбегі елеусіз қалып жүрген әйелдерді анықтау арқылы, олардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында ақпараттық қолдау көрсетіліп, еңбек жолын көпшілекке үлгі ретінде насихаттап, сұхбаттар өткізілді.
Қалалық ассамблеяда 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарады, 16 қоғамдық ұйым аккредиттеуден өткен. Оның ішінде «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі саны жағынан аз этностарды біріктіріп, мемлекеттік міндеттер аясына топтастырып келеді. Сондай-ақ, ассамблея жанынан 7 қоғамдық құрылым әрекет етеді.
Қалалық ассамблеяның алаңдарында түрлі бағыт пен форматтағы 123 іс-шара және халықаралық қатынастарды дамытудағы рөлін арттыру және көрші елдермен байланысты нығайту бағытында Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстан Республикаларымен бірлескен 2 халықаралық конференция өткізілді.
Жалпы, қалада 23 тұрғын алап пен шағын аудандарында этнос өкілдері тығыз шоғырланған. Аталған тұрғын алаптарда тұрғындармен кездесулер кестесі бекітіліп, нүктелі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 84 кездесу ұйымдастырылды. Жас буынды толеранттылық құндылықтары шеңберінде тәрбиелеуде жоғары оқу орны мен колледж студенттерімен 71 кездесу өткізілді.
Этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту бағытында «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы, «Ұлт үні» байқауы, «Қазақ дастарханы» конкурсы, «Ұлы даланың – ұлтаралық тілі» іс-шарасы, «Мәміле», «Мен қазақша сөйлеймін», «Мың жүйрік» ағартушылық жобалары жүзеге асырылды.