3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ШАРАЛАРЫН ЖАСАУДАҒЫ ШАРАЛАР БОЙЫНША  ЖҰМЫСТАР ЖҮРУДЕ

Жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 15 тамыздан бастап қала аумағында «Өрт қауіпсіздік айлығы» бастау алған, оның шеңберінде тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға бағытталған кезең-кезеңімен жүргізілетін іс-шаралар іске асырылуда.

1 кезең — халықтың әлеуметтік осал топтары арасында профилактикалық жұмыс (1455 отбасы). Бүгінгі күні профилактикалық іс-шаралар барысында 5164 адамнан тұратын барлық әлеуметтік осал отбасылар түсіндіру жұмыстарымен қамтылды;

2 кезең – жақханалар мен жатақхана ретінде қайта салынған үйлерде профилактикалық жұмыс.

Профилактика шеңберінде пәтер тұрғындары арасында 3862 адамды қамти отырып, газ жүйесіне қосылмаған 20 шағын отбасылық жатақхана мен 17 жатақхана арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

3 кезең – жеке тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыс.

Бұл ретте 33 459 адамды қамтыған 6 327 үйге барып түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 12 300 адамды қамтыған 233 жиын ұйымдастырылды.

Жалпы, өртке қарсы жүріс-тұрыс негіздерін білмейтін азаматтардың кінәсінен өрттердің 80%-дан астамы орын алады. Жоғарыда келтірілген деректер өрт қауіпсіздігі мәселесін шешу көбінесе өртке қарсы білім деңгейінің жоғарылауына байланысты екенін көрсетеді.

Осыған байланысты, қоғамды өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің проблемалары мен жолдары туралы ақпараттандыру, адамдардың санасына өрт проблемасының бар-жоғын енгізу бойынша жұмыстар мақсатты түрде жүргізілуде. Ол үшін «Жатақхана», «Әр үйге қауіпсіздік», «Улы газдан сақ бол» профилактикалық акцияларының циклі, спорттық жарыстар, Өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге арналған викториналар ұйымдастырылды.

Ұқсас ақпараттар

«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

314 МЛН ТЕҢГЕ: ҚОРДАЛАНҒАН ҚАРЫЗ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУҒА КЕДЕРГІ

smarttop

ГРАНТЫ НА ОБРАЗОВАНИЕ ВРУЧИЛИ СОЛДАТАМ НАЦГВАРДИИ В ШЫМКЕНТЕ

smarttop

Пікір қалдыру