16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН БЮДЖЕТ КӨЛЕМІ 24 ЕСЕГЕ КӨБЕЙГЕН

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданының әкімі Б. Парманов 11 айда атқарған жұмыстары туралы берген баспасөз брифингінде айтты.
Бұхарбай Рысқұлұлының сөзінше, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бюджеттен 2017 жылы 22,6 млрд. теңге қаржы бөлінсе, 2022 жылы 110,8 млрд. теңге қаржы бөлінген. Яғни 5 жыл ішінде ауданға тартылған бюджет көлемі 24 есеге көбейген.
«Бүгінде ауданымызда 33 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс жасауда. Мемлекет басшысы Жолдауда 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтуді тапсырды. Осыған орай, ауданымызда «Стандарт» жеке индустриалды аймағы салынуда. Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырландырылады. Аумағы 118 гектарды құрайтын жеке индустриялық аймақта 176 мың ш/м дайын өндірістік алаңдар, оның ішінде 64 мың ш/м қойма алаңдарын салу жоспарланған. 30 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба аяқталғанда 3 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады»,- деді аудан басшысы Б.Парманов.
Брифинг барысында аудан әкімі ауыз су мәселесіне де тоқталды. Бүгінде аудан аумағындағы 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Құрсай, Арғымақ елді мекендеріндегі құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңында аяқталып, аудан толықай сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Шымкент қаласының Ақпараттық –коммуникациялық орталығы
Возможно, это изображение 2 человека, люди стоят и люди сидят

Ұқсас ақпараттар

«АЙГӨЛЕКТІҢ» БИШІЛЕРІ БАСЫП ОЗДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА САЛЫНАТЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕННІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 144 ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру