Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында республикада алғаш рет әкімдік тарапынан «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Өңірлік бағдарламаның негізгі бағыттары мен ерекшеліктері:
- ШОБ жеңілдетілген несиелендіру;
- тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру.
1) Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1%-бен 10 млн. теңгеге дейін, өндірістік алаңдарының қатысушыларына жылдық 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер ұсыну. Бүгінгі таңда, жыл басынан 333 млн. теңгеге 37 жобаға жеңілдетілген несиелер берілді.
2) Тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру бағыты бойынша.
Тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдарын шағын кәсіпорындармен толтыру арқылы шағын бизнестің жаңа жобалары жүзеге асырылады, нәтижесінде бір неше тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдары жанданады.
Өнеркәсіптік парктерде үш жыл ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын кәспорындардың жалдау ақысының шығындары өтеледі. 1-жылы 75%, 2-жылы 50%,
3-жылы 25%.
Аталған бағыт шеңберінде қаламызда бір неше жылдар бойы тоқтап тұрған ірі кәсіпорын «Трубмашхолдинг» ЖШС-нің базасында 2022 жылы алғашқы өндірістік парк ретінде «Silkway Alliance» алаңы пилоттық жоба ретінде іске асырылды. Аймақтың алаңы – 4,4 га, өндірістік алаңдарының аумағы – 3,5 мың ш.м. толық инфрақұрылыммен қамтылған. Айтулы жобаға қатысу үшін қаладағы «Бизнеске арналған үкіметтің» фронт-офисіне келу қажет. Кәсіпкерлердің арызы өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралады. Бұл шараға қатысушылардың өндіріс орындарын жалға алу мәселесінің бір бөлігін өтеу жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні өндірістік паркте, инвестиция көлемі 1,05 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылуда, 120 жұмыс орны құрылған. Жалдау ақысын өтеу бойынша бүгінгі күнде 13,0 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.