9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Еңбекші ауданы әкімінің есебі

Еңбекші ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.

Еңбекші ауданының аумағы 20 660 га, халық саны 313 217.

Еңбекші ауданы – қаланың өндірістік ауданы болып саналады. Ауданда көптеген өндірістік кәсіпорындар мен мекемелер шоғырланған.

Атап айтсақ, Еңбекші ауданында 2 индустриалды аймақ (Оңтүстік және Ордабасы) және 1 арнайы экономикалық аймақ (СЭЗ Оңтүстік) орналасқан. Сонымен қатар аудан аумағындағы 20 359 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген.

Аудан 19 шағынаудандардан және Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған 16 тұрғын алаптан тұрады.

Еңбекші ауданында 611 көшелер мен өткелдер, 1 саябақ 3 гүлзар, 651 көпқабатты және 32 306 жеке тұрғын үйлер орналасқан.

Осы бағыттарда тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста болып, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты келесі жұмыстарды атқаруда.

Инфрақұрылым: Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.

Атап айтсақ:

— Ауыз сумен 94,5%-ға;

— Электр жарығымен 96,5%-ға;

— Табиғи газбен 90,7%-ға;

— Кәріз жүйесімен 57%-ға

— Асфальт жолмен 71,5%-ға қамтылған.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен нақтыланып, бекітілді.

Ауыз су:  Аудандағы жалпы абонент саны – 66 283. Ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5 %.

Қалаға қосылған 6 елді мекеннің (3,4%) жаңақұрылыс аймақтарын (Жалпы 2312 абонент) Қарабастау-1590 аб., Жұлдыз-484 аб., Қаратөбе-144 аб., Тоғыс-61 аб., Жыланбұзған-16 аб., Айнатас-17 аб.) ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізеді. Қазіргі таңда Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағында құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс 2023 жылға өтпелі. Жоба құны –1,7 млрд.тг.

Бадам тұрғын алабының жаңақұрылысында — 340 учаске (3 үй), Оңтүстік-Жаңақұрылыста — 989 учаскеге (15 үй) жобалау сметалық құжат 2023 жылы әзірленеді.

Жаз мезгілінде ауыз судын шамадан тыс шаруашылық мақсатта пайдалануына байланысты (бау-бақша, көлік жуу т.б) Елтай, Тоғыс, Айнатас, Базарқақпа елді-мекендерінде ауыз су тапшылығы орын алды. Аталған елді-мекендерде ауыз су тапшылығын болдырмау мақсатында Базарқақпа және Тоғыс тұрғын алаптарынан қосымша ұңғыма қазу (75 метр) жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізуде (қазіргі таңда су сорғы күтілуде).

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ «СТАНДАРТ» ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНА БАРДЫ

smarttop

«ШАҢЫРАҚ» ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

smarttop

«НҰРЛЫ КӨШ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БЕРІЛГЕН БАСПАНАЛАРДЫ ТҰРҒЫНДАР НЕСИЕЛІК НЕГІЗДЕ РӘСІМДЕУЛЕРІ ТИІС

smarttop

Пікір қалдыру