Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген. Көпқабатты үй аулалары 2011-2020 жылдар аралығында кезең-кезеңмен абаттандырылған. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.
Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады.
Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты.
2021 жылы 41 көпқабатты үйдің аулалары абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылды.
2022 жылы 73 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 6 – кешенді балалар ойын алаңшаларын құру жоспарланған. Оның ішінде І-кезең бойынша 52 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, жеке секторда 6-балалар ойын алаңшасы құрылды. Ал, ІІ-кезең бойынша 21 көпөабатты үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын құру жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы 20 көпқабатты үй ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнатуға сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. Одан бөлек 138 жоба бойынша жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында Тәуке хан, Ж.Шаяхметов, Д.Ерімбетов, Елшібек батыр, Ж.Аймауытов, И.Тайманұлы, Т.Рысқұлов, Жібек жолы, Ш.Уалиханов, Жолан батыр, Қаратөбе тас жолы, Арғынбеков, Ғ.Иляев көшелерінің бойына орындықтар мен кіші қоқыс жәшіктері орнатылуда.
Сонымент қатар, шағын аудандар мен тұрғын алаптарда төлқұжат жасалып, 2022-2025жж. аралығында инфрақұрылыммен қамту жоспары және әлеуметтік, коммуналдық салалар бойынша қызмет көрсетуші мекемелердің байланыс нөмірлері көрсетіліп 68 дана ақпараттық тақталар орнатылды.