16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы Еңбекші ауданының жастарымен өтті.

Кездесу барысында Еңбекші ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.

Заман талабына сай өзгеріп отыратын бұл мәселелер ауқымды талдау мен жүйелі шешім жолдарын қажет етеді. Ал, мәселенің мәнін дұрыс анықтау, жастармен жүйелі кездесулер мен диалогтар арқылы мүмкін екені анық. Басты мақсат – жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, дұрыс бағдар беру. Осы орайда Шымкент қаласындағы Көрме орталығында «Мәңгілік елдің жастары» атты кеш ұйымдастырылды. Әр салада еңбегімен халыққа танылған азаматтар жастармен кездесті.

Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды. Кездесудің басты мақсаты – өз арамыздан шыққан үздіктерді жас толқынға үлгі ету. Білім мен еңбекті ұштастырудың нәтижесінде жетістіктерге жеткен азаматтардың істерімен таныстыру. Жан-жақты білімді, әрі белсенді жастар шаһарда және аймақта болып жатқан әр маңызды шараның бел ортасында жүреді Кешті ұйымдастырушы орталықтың мамандары да «Оқушылар мен студенттер алдыңғы толқынға қарап бой түзесе екен», — дейді

  • Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру;
  • «Ерікті жастардың біліктіліктерін арттыруға арналған жобалардың санын көбейту.
  • Жас режиссерларды қолдауға арналған фестивальдармен іс-шаралардың санын арттыру сыңды ұсыныстар ұсынылды.

Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

 

Ұқсас ақпараттар

8 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

ТАБИҒИ ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТУ ҮШІН 15 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҮРУДЕ

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫМЕН КӘСІП БАСТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру