«Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 28 қаулысымен құрылған.Басқарманың штат саны 21 бірлік мемлекеттік қызметші және 11 бірлік келісім шарт негізінде жұмыс атқарады.
Басқарма 4 құрылымдық бөлімнен тұрады. Негізгі жұмыс бағыттары:
— Өнеркәсіпті және экспорт бөлімі;
— Инвестицияларды тарту бөлімі;
— Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімі;
— Сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімі
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2022 жылға жалпы 3 689,2 млн. теңге бөлінген, оның ішінде РБ – 48,7 млн. теңге, ЖБ – 3 640,5 млн. теңге.2022 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша 3 527,9 млн. теңге жоспарланып, 3 481,9 млн. теңге толығымен 98,7% игерілген.Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы жетекшілік ететін салалар бойынша 2022 жылдың 9 айының қорытындысымен келесідей көрсеткіштерге қол жеткізілді:
жалпы өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 666,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 6,7 пайызға артты;
қала экономикасына 327,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артты;
шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 101 мың бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға артты;
бөлшек сауда көлемі 417,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға артты.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 666,4 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі (НКИ) 106,7 пайызды құрады.Бұл өңдеу өнеркәсібінің 8,1 пайызға, электр, газ және бу беру саласы 1,8 пайызға өсуі есебінен қалыптасты, ал кен өндірісі 14,4 пайызға, сумен жабдықтау саласы 16,3 пайызға төмендеген.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 327,9 млрд. теңге тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,0%-ға артты (2021 жыл қаңтар-қыркүйек – 260,7 млрд.теңге).