Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2022 жылға 15,7 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 12,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге. Жалпы жыл басынан 11,1 млрд. теңгеге 3 028 жобаға қолдау көрсетілген.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 9,4 млрд. теңге бөлінген. (РБ – 6,5 млрд. тг, ЖБ – 2,7 млрд. тг.).
Бүгінгі таңда, 2 756 жобаға 5,8 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
— банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 840 жобаға 4,5 млрд. теңге;
— банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге
886 жобаға 1,2 млрд. теңге;
— мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 30 жобаға 150,0 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 3,9 млрд. теңге бөлінген, (РБ – 3,7 млрд. тг. ЖБ–0,2 млрд. тг.) Бүгінгі таңда 81 жобаға 3,5 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
— банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 77 жобаға 3,2 млрд. теңге;
— банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 4 жобаға 300 млн. теңге.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шеңберінде 2022 жылға 1,5 млрд. теңге бөлінген. «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы 1,3 млрд. теңгеге 129 жобаға шағын несиелер берілді. Несиелердің басым бөлігі сауда және қызмет көрсету салаларында.
Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында әкімдік тарапынан «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Өндірілген өнім көлемі бойынша 2022 жылдың 1-тоқсанында 317,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артқан.
2022 жылдың қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2%-ды құрады.