16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаевтың 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары бойынша есеп беру кездесуі

Әл-Фараби ауданының аумағы 14 380 га жерді құрайды, халық саны жалпы 207 747 адам, ауданында 60-қа жуық ұлт және ұлыс өкілдері тұрады, оның ішінде (қазақтар 130 546 (62,9%), орыстар 28 915 (13,9%), өзбектер 27 670 (13,3%), т.б. ұлт өкілдері 20 349 (9,9%)  құрайды.

Сонымен қатар, аудан аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй, 400 аула және 15 170 жеке үй, 15 ұлттық-мәдени орталық, 15 діни бірлестіктер, 73 өндірістік мекемелермен кәсіпорындар, 44 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, 13 саябақ, 18 гүлзар, 19 ескерткіш және                           11 субұрқақ бар.Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, тұрғындардың ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7% құрап отыр.Ауданда ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99,8% құрайды. «Сәуле» ш/а. «Жаңабазар» көшесінде қалып кеткен 40-тан астам үйге ауыз су тарту бойынша «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғындарға пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «Текесу» елді-мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Жаңару» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін тұрғындарға тапсыру жоспарлануда.

«Сәуле» ш/а. 276-орамда электр жарығын орнату жұмыстары «Ақсемсер стройсервис» ЖШС тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғындарға пайдалануға беріліп, көрсеткіш деңгейі 100% құрайды.«Ақтас-2» елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстар жыл соңына дейін аяқтау, жоспарлануда.

276-орамынында мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың соңына дейін тұрғындарға тапсырылып, шағынаудан аумағы 100% табиғи газбен қамтылатын болады.Аудан аумағында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 87% құрайды.

Ағымдағы жылы Шолохов көшесін кәріз жүйесімен қамту жұмыстары толығымен аяқталып қолданысқа берілді және Хлопзавод көшесінде жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, «Айқап-Түркістан» шағын ауданында барлығы                 21 көше (оның ішінде 11 көшеге кәріз жүйелері жүргізілген) бар. Бүгінде 10 көшеге кәріз жүйелерін жүргізу бойынша, демеуші есебімен «Батыс-Алга LTD» ЖШС тарапынан жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. 2023 жылы құрылыс жұмыстары жүргізу жоспарлануда.

«Ақжайық» ш.а. кәріз жүйесін жүргізу 2023 жылда жұмыстары аяқталып, 30 көшеге кәріз жүйесіне енгізіледі.

«Химфарм» шағын ауданына кәріз жүйесін жүргізу бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілген, нәтижесінде 20 көшеге кәріз жүйесін жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу 2023 жылдың жоспарында.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТ: АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ ЕМДЕУДЕ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР БАР

smarttop

ШЫМКЕНТ: СУ БАСУ ЫҚТИМАЛ УЧАСКІЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру