3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӘСІПТІК БІЛІМГЕ СҰРАНЫС КӨП

Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды оқытуды 3 бағыт бойынша жүргізіп келеді.
Бірінші – жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарға кәсіптік білім беру:
Жыл басынан 74 жұмыс берушіден, 29 мамандық бойынша өтінімдер қабылданып, 1632 адам дизайнер, автоэлектрик, кондитер, тігінші, визажист, аспаз және т.б. мамандықтар бойынша кәсіптік дағдыларды игеріп жолдама алса, оның 1553-і оқуын аяқтап, жұмысқа орналасқан.
Екінші — жұмыссыз топты жұмыс берушілердің жұмыс базасында кәсіптік оқыту:
Биыл қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 32 мамандық бойынша жүргізілді. Оқудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 3 (үш) ай мерзімге жалғасып, 760 азамат жолдама алды. Жалпы 774 азамат білім алып, тиісті куәлікке ие болды.
Үшінші – skills.enbek.kz онлайн кәсіби оқыту платформасы арқылы кәсіби білім беру:
Қазіргі таңда 1976 азамат оқуын аяқтады. Айта кетейік, мұнда талапкерлер 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсырады, онлайн курсты сәтті аяқтап, дағдыларды игеру туралы сертификат алады.
Қала бойынша жыл басынан бері 2400-ге жуық азамат кәсіптік білім игерген.
Жалпы аталған мүмкіндіктер арқылы жұмыссыз азаматтар, жаңа мамандық игеріп, кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік алады.
Қала тұрғындары қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өту үшін Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады:
Бәйтереков көшесі №89 (Кәсіптік оқыту бөлімі — 8775-053-39-41)
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«2-10-20 БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

smarttop

ЖҮРГІЗУШІЛЕР МЕН ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру