6.3 C
Шымкент
Четверг, 28 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖАҢА БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫНА АУЫСУ МЕРЗІМІ 1 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Биыл «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мақұлданған болатын.
Осы заң шеңберінде кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшу мерзімін ұзарту жөніндегі норма да заңға енгізілді.
Сол себепті де кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына (мүлік иелерінің бірлестігі, жай серіктестік) сапалы көшу үшін ҚР Парламенті Сенаты көшу мерзімін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы заңнамалық шешім қабылдады.
Айта кетейік , бұл басқарудың жаңа түрі, онда пәтерлер мен үй-жайлардың иелері өз үйлерін өздері қадағалап, жауап береді. Мүлік иелерінің бірлестігі «бір үй — бір бірлестік, бір шот»қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады.
Мүлік иелерінің бірлестіктерінің басты айырмашылығы-өз үйлерін тек тұрғындар ғана басқарады. Басқаша айтқанда, бұл оларға тек өз үйлерін күрделі жөндеуге қаражат жинауға, қаражаттың түсуіне мониторинг жүргізуге және «бір үй – бір бірлестік, бір шот»қағидаты бойынша олардың мақсатты жұмсалуына мүмкіндік береді.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан полицейлері облыста заңсыз жүрген 40-тан астам шетелдікті анықтады

smarttop

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП КӘСІБІН БАСТАҒАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

smarttop

12.06.2023 ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

smarttop

Пікір қалдыру