21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

«GRAMAD» САУДА ЖЕЛІСІНІҢ ТАҒЫ БІР ДҮКЕНІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Шымкентте «GraMad» сауда желісінің 21 нысаны жұмыс істеп тұр. Енді 22-інші нүктесі «Шымкент Сити» шағын ауданы, 32 үйдің 1 қабатынан ашылды. Жаңа дүкен арқылы 20 мыңға жуық халық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілмек.
Алаңы 620 шаршы метрді құрайтын бұл жобаға жеке инвестиция тартылған, қазіргі таңда 20 адам жұмыспен қамтылып отыр.
«GraMad» сауда желісінің негізгі бағыты – 2019 жылдан бастап үй жанындағы дүкен форматында өз тұтынушыларына алуан түрлі тауарлар ассортиментін ұсынып, жергілікті тауар өндірушілерді тікелей қолдау.
«GraMad» сауда желісі Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе бағаны тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардың қатысушысы ретінде жұмыс істейді. Қазіргі таңда “GraMad” сауда желісінде 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатылымда.
Алдағы уақытта дүкендер санын 25-ке жеткізу жоспарланып отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ОҢ ТӘЖІРИБЕСІН ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРДЕ ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру