19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН АҒАШ ТҰҚЫМДАРЫН КӨБЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Шымкенттегі А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябағында сирек кездесетін ағаш тұқымдарын жасыл қаламша әдісімен көбейту жұмыстары жүргізілуде.
Дендрологиялық саябақтың ғылым, мониторинг және молайту бөлімінің мамандары биыл “Қызыл кітапқа” енген және сирек кездесетін ағаш-бұтаның 40 түрінен 100 келіден астам тұқым жинады. Атап айтқанда, емен, өрік, лапина, калина, кавказдық таудаған, соғды шағаны және т.б ағаш тұқымдары алынды.
Қазіргі таңда жиналған өнімдер тазаланып, кәсіби кадрлардың қатысуымен стратификациядан өткізілуде.
Мамандардың айтуынша, жиналған бұл тұқымдар көктем мезгілінде қайта себіліп, одан 5000-нан астам ағаш көшеттері өсірілмек.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛАМГЕРЛЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ СУ АРНАЛАРЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру