Smarttop.kz

АБАЙ АУДАНЫНДА ДЕМЕУШІЛЕР УЛЫ ГАЗДЫ АНЫҚТАЙТЫН 16 ГАЗ ДАТЧИГІН ОРНАТТЫ

— Тұрғын үй секторларындағы өрт қауіпсіздігі мен газбен улану жағдайларын тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен демеушілер арасында меморандумдар жасалып, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне улы газды анықтайтын газ датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, әлеуметтік жағдайы төмен 16 отбасының үйіне аталған датчиктер орнатылды,- деді Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Эльдар Паттахов БАҚ өкілдеріне берген брифинг барысында.
Сонымен қатар, қазан, қараша айларында «Улы газдан сақ болыңыз!» және «Әр үйге қауіпсіздік» акциясы ұйымдастырылып, аудан аумағындағы 4 125 тұрғын үйді аралап, 10 237 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дауыс зорайтқыш арнай техниканың көмегімен, бекітілген кестеге сәйкес, улы газдан сақтау бойынша дайындалған аудиороликтің көмегімен 86 рет көшелерді аралады.
Өртке қарсы мәдениетін арттыру үшін 5 524 адамды қамтыған 58 жиын ұйымдастырылды және оқу орындарында 3215 оқушы мен оқытушыны қамти отырып 19 интерактивті сабақ өткізілді.
Бұдан бөлек, улы газбен уланудың алдын алу және тұрғын үйде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ЛЭД-экрандарда және адамдар көп жиналатын орындарда, сауда орындарында әлеуметтік роликтер жүйелі түрде көрсетіліп тұрады.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Возможно, это изображение 2 человека и люди стоят

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШАРДАРА АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ҚАН ТАПСЫРДЫ

smarttop

ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗДАР ТЕГІН ОҚУ ГРАНТЫН ҰТЫП АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру