21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

«ӘР ҮЙГЕ ҚАУІПСІЗДІК» АКЦИЯСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Эльдар Паттаховтың және басқарманың аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бәйдібек Әбілқасымның қатысуымен аудан аумағында жылыту маусымында және мереке күндері төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша брифинг берді.
«Басқарманың 2022-2023 жылдарға арналған жылыту кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бойынша жұмыстар Шымкент қаласы әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес орындалуда.
Атап айтқанда тамыз айынан бастап «Өрт қауіпсіздігі айлығы», «Жатақхана», «Улы газдан сақ болыңыз», «Әр үйге қауіпсіздік» акциялары жүргізілді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімі орынбасарының төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар беріліп, орындалуы комиссия бақылауында»,- деді Э.Паттахов.
«Өрт қауіпсіздігі айлығы» акциясының нәтижелері бойынша құзырлы органдармен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 652 отбасының үйіне барып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 3 452 адамға нұсқама берілді.
«Жатақхана» акциясының нәтижесінде Абай ауданында орналасқан 12 жатақаханың 1156 тұрғынына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҰСТАЗ ⁣⁣⠀

smarttop

ТАЗАРТУ КҮНІ: САНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАРҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ 20 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

smarttop

Пікір қалдыру