4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТОҚТАМАЙДЫ

Шымкентте бір тәуліктің ішінде 64 зертханалық тексерулер жүргізіліп, оның ішінде оң нәтиже анықталмаған. Қала 2022 жылдың 05 ақпанынан бастап «жасыл» аймақта тұр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Департамент басшысының орынбасары Айгүл Мелесқызының берген мәліметінше Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. 2022 жылғы 1 қаңтар мен 04 желтоқсан аралығында COVID-19 инфекциясымен 9472 жағдай тіркелген. Оның ішінде 2297 жағдай 18 жасқа дейінгі, 737 жағдай 1 жасқа дейінгі балалар арасында болса, жаңа оқу жылынан бастап оқушылар арасында 18, ұйымдастырылмаған балалар арасында 35, студенттер арасында 13 жағдай тіркелген.
Бүгінгі таңда белсенді ошақ – 98, оның ішінде үй ошақтары – 83, ұйымдастырылған ұжымдарда – 15 жағдай анықталған. 327 қарым-қатынаста болған адам медициналық бақылауға алынған.
— Барлық тіркелген ұйымдастырылған ұжымдарда індетке қарсы іс шаралар жүргізілді. Қазіргі таңда короновирусты инфекция жағдайының тіркелуі басылар емес. Сондықтан егу жұмыстары жалғасуда. Короновирусты инфекцияның алдын алу мақсатында емханаларда вакцинациялау жазбаша келісім арқылы тегін жүргізіледі. Ауруды жеңудің жалғыз жолы – халықты вакцинациялап, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру, — дейді Айгүл Тұрымбетова.
Қала бойынша 04 желтоқсанға дейін 400734 адам ревакцинациялаудан, 80800 адам қайта ревакцинациялаудан өткен.
Короновирусты инфекцияға қарсы қаламызда «QazVac», «Vero Cell», «Комирнати» Pfizer вакциналары салынуда.
«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ»

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер жаяу жүргіншіден есірткі тапты

smarttop

«ОҢТҮСТІК» АЙНАЛМА ЖОЛЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ДЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру