9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ӘКІМ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ПРЕЗИДЕНТ ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысып, мүгедектігі бар ерекше балаларға арналған «Президент шыршасы» жаңа-жылдық іс-шарасына қатысты.
Шаһар басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларды құттықтау сөзін жеткізіп, жаңа жылдық сыйлықтар үлестірді.
-Құрметті балалар, әрбіріңіз еліміздің ертеңі, жұртымыздың болашағы үшін қызмет ететін тұлға болуларыңызға шын жүректен тілектеспін . Бүгін мен сіздерге, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы аманатын жеткізгелі келіп отырмын. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, баршаңызға бақыт тілеймін!-деді қала әкімі.
Әрмен қарай шара концерттік бағдарламаға ұласып, Аяз-ата мен Ақшақар, кештің басты кішкентай кейіпкерлері, ертегі мен жануарлар әлемінің кейіпіндегі костюмдер киген балғындар барлығы мерекелік көңіл-күйде жадырап ән шырқап, би биледі.
Бүгінде аталған орталықта жеке күтім және бақылауды қажет ететін 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға, жеке қажеттіліктерін ескере отырып, 8 бағыт бойынша заманауи жабдықтармен оңалту және емдеу жұмыстары жүргізіледі. Мекеме стационарлық жағдайда 130, жартылай стационарлық жағдайда 100 қызмет алушыға арналған. Сонымен қатар арнайы дене шынықтыру үшін 12 түрлі құрал-жабдық орнатылған емдік дене шынықтыру бөлмесі қаралған.
Айта кетейік, мұнда медициналық қызмет көрсетуден бөлек, емдік массаж, физиотерапиялық ем, психологиялық көмек, монтессори әдісі қолданылып, қызмет алушы әрбір балаға әлеуметтік-оңалту шаралары жүргізіледі. Өз кезегінде мерекелік іс-шараға жиналған ата-аналар тәулік бойы емдік қызмет көрсететін дәрігерлер мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне ерекше балаларға жасап жатқан қамқорлығы үшін алғыс білдірді
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҰРАНДА ТАҒЫ ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДА БОЛДЫ

smarttop

БАЛАЛАР ЖЫЛЫ: ШЫМКЕНТТЕ БАЛАНЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА 39 КАБИНЕТ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

smarttop

ТАРИХИ МЕЖЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ!

smarttop

Пікір қалдыру