Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

🔷 Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жол құрылысы нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

🔷 Бүгінде бас жоспарға сай салынып жатқан Қонаев даңғылының жалғасында құрылыс қарқынды жүргізілуде. Бұл құрылыс Бадам көпірінен оңтүстік бағытқа қарай 4,7 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда 2,8-4,7 шақырымдар аралығында жол негіздері салынып, асфальтобетон жабындысының төменгі қабаты жүргізілген. Сонымен қатар, мұнда инженерлік желілер жобаға сәйкес қайта орнатылды.

🔷 Құрылыс жұмыстары Бадам өзені арқылы өтетін көпірден Саттарханов көшесіне дейінгі аралықта жалғасуда. Аталған жол бөлігін көлік қозғалысына 5 қарашаға дейін ашу жоспарланып отыр.

🔷 Бүгінде Жансүгіров, Анаров көшелерінен Рашидов көшесіне дейінгі аралықта көлік нөпірі көп. Жүріс бөлігі төмен түсіп, шұңқырлар пайда болғандықтан, көлік қозғалысына қауіптілігі ескеріліп, орташа жөндеу жүргізілуде.

🔷 Қала басшысы осы аумақта атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынын қадағалады. Жобада жол жамылғысын жаңарту, құдықшаларды ауыстыру қарастырылған. Орташа жөндеу жұмыстарын 1 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.

🔷 Қала әкімі жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай аяқтауды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ЗЕРГЕРЛІК – МОЛ МҰРА»: ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

smarttop

ҚАТЕРЛІ ІСІКПЕН ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫН БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТЕР ТӨЛЕНУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру