9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНЕН ЖАҢАДАН 15 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

Биыл Шымкент қаласында инвесторлардың есебінен жаңадан 15 мектеп ашылады деп жоспарланған. Онда барлығы 11 мың 810 оқушы білім алмақ. Аталған мектептердің барлығы қазақ тілінде оқытатын білім беру орындары болып ашылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің білім басқармасынан хабарлады.
Басқарманың мәліметіне қарағанда, жаңадан ашылатын мектептердің барлығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің аясында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейді. Яғни, жекеменшік мектептер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып, ата-аналар үшін тегін болады. Нәтижесінде Шымкент қаласында биыл үш ауысыммен жұмыс істейтін мектеп мәселесі толығымен шешіледі.
Айта кетейік, өткен 2022 жылы Шымкент қаласында тап осындай жүйемен жұмыс істейтін 41 мектеп пайдалануға берілген. Бұл мектептер жалпы 24 800 оқушыға арналған. Өткен жылы ашылған 41 мектептің 34-і (21 400 оқушы) таза қазақ тілінде білім берсе, қалған 7-еуі (3 400 оқушы) аралас мектептер екен.
Осылайша бүгінде Шымкентте жұмыс істеп тұрған мектептердің саны 246-ға жетіп отыр. Оның 151-і мемлекеттік мектептер болса, жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін жекеменшік мектептердің саны 95-ке жеткен.
Сонымен қатар бүгінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 579-ға жетіп отыр. Оның ішінде 71 мемлекеттік бөбекжай бақшасы болса, жекеменшік балабақша саны 508-ге жетіп отыр. Бұл балабақшаларда 69 063 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Оның 18 455-і мемлекеттік, ал, 50 608-і жекеменшік балабақшаларда екен.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

ЖАСТАР ЖЕЛТОҚСАН ТҰЛҒАЛАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

smarttop

35 АУЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ ЖОСПАРДА БАР

smarttop

Пікір қалдыру