19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ МОНИТОРИНГ ЖАСАЙДЫ

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының құзіретіне жаңа қызмет қосылды. 2022 жылдың қазан айынан бастап басқарма ақпараттық қауіпсіздік мониторингі функциясын атқаратын болып, мекеменің жаңа ережесі бекітілген.
Осыған орай үшінші мегаполистегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда заң талаптарына сай ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына толық мониторинг жүргізілді. Олардың қатарында қала әкімдігінің аппаратынан бастап аудан әкімдіктері мен 22 басқарма да бар.
Жуырда қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерге ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау мониторингін жүргізу шаралары әзірленіп, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бекітуіне ұсынылды. Қазіргі таңда ақпараттық жүйелер ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті жанындағы «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның тиісті сынақтарынан өтуде. Сонымен қатар биыл әкімдікке қарасты мемелекеттік мекемелердің құрылымдық, желілік және техникалық сүйемелдеу қызметтері орталықтандырылды. Нәтижесінде серверлер тұрақты жұмыс істеп, желілік жүйелер ретке келтірілді, компьютерлік техникалардың сапалы жұмыс істеп, ақпараттық қауіпсіздікке жауапты тұлға бекітілді. Оған қоса бюджет қаржысы үнемделіп, артық шығын азаяды.

Ұқсас ақпараттар

БҰЛ — ҚОҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫҢ ДҰРЫС БАҒЫТТА ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЗОР ЗАҢ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА 32 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЗАМАНАУИ НЫСАН БОЙ КӨТЕРМЕК

smarttop

Пікір қалдыру